24 Қар 2020
Страницы KZ "Ж.Сәрсенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

Мектеп тарихы

 

Аралтөбе ауылында бастауыш мектеп 1938 жылы  ашылған. 1963 жылы бастауыш мектеп негізінде орталауқазақ- орыс аралас мектебі болып ашылған.180 оқушыға арналған оқу корпусы салынып, 12 мұғалім еңбек еткен.

1972 ж орталау мектеп негізінде Қызылжұлдыз орта мектебі болды.

2009 жылы Қызылжұлдыз орта мектебіне 2 қабатты жаңа ғимарат салынды.

2017 жылы Ж.сәрсенов атындағы ЖОББМ атауымен өзгертілді.

Мектебіміздің өзекті мәселесі : «Білім сапасын арттыруда әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуді жалғасыра  отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»

 

Мектептің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы:

  • Түлектердің ЖОО-на түсуі 100%
  • Педагогикалық құрамның жоғары кәсіби деңгейі
  • Тәрбие жұмысының қалыптасқан жүйелігі
  • Ерекше білім алатын оқушыларға көмек беру
  • Оқушылардың аудандық,облыстық олимпиадаларға белсене қатысуы
  • Мұғалімдер мен оқушылардың жаңашыл сараптау,зерттеу жұмысына қатысуы.

Ж.Сәрсенов атындағы ЖОББ мектебінің марапатталуы:

2014 ж  Аудан әкімінің Алғыс хаты;

2015 ж Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты;

2018 ж Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты;

2018 ж Облыстық білім басқармасының Алғыс хаты;

2019 ж  Қазақ Ұлттық университетінің Алғыс хаты .

Жаңалыктар